Саба?ты? та?ырыбы: Паскаль тілінде математикалы? есептер.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділігі: Паскаль-программалу тілі, ж?не оны? негізгі элементтері туралы айту,
т?сіндіру. Паскаль программасында ж?мыс жасай білуге ?йрету.
Дамытушылы?: Тез ойлап, ?тымды жауап ?айыра білуге, ж?йелі, еркін с?йлеу
да?дыларын дамыту, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелік: О?ушыларды компьютермен ж?мыс жасата отырып, ?ауіпсіздік ережесін
са?тау?а,??ыптылы??а,е?бекс?йгіштікке, ізденімпазды??а т?рбиелеу.
Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту.
Саба?ты? т?рі: Аралас тип.
Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, пара?шалар, компьютер, интерактивті та?та.
Саба?ты? технологиясы: компьютерлік технологиямен о?ыту.
Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і.
2. ?й тапсырмасын ?айталау (тест активойдта).
3. Жа?а саба?ты т?сіндіру.
4. Компьютермен есептер шы?ару.
5. Саба?ты бекіту (слайд ).
6. ?й тапсырмасын беру.
Просмотр содержимого документа
«?ылыми ж?мыс. «Windows операциялы? ж?йесіні? айырмашылы?тары» »
Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері
Windows-тың экраны Жұмыс тақтасы деп аталатын жүйелі объект. Жұмыс тақтасы – бұл Windows-тың объектілері және оны басқару элементтері бейнеленген графикалық орта. Кәдімгі жағдайда Жұмыс тақтадан бірнеше экран элементтерін және тапсырмалар тақтасын байқауға болады.
Белгілер – Windows объектілерінің графикалық бейнелері, тапсырмалар тақтасы – басқарудың негізгі элементтерінің бірі.
Windows-та командалардың көптеген бөлігін тышқанның көмегімен орындауға болады. Тышқанмен тышқан сілтемесі деп аталатын белсенді басқару элементі байланысқан (бағыттама белгісі).
Файлдық жүйенің объектілері: Файл және бума
Файл объектісі
Windows ортасында кез-келген файл, онда сақталынатын ақпараттың негізін көрсететін атауы бар объект ретінде қабылданады. Windows ортасында MS DOS ортасына қарағанда файлдың атауы ұзын бола алады және ол сандардан, қазақ, орыс, латын әріптерінен, әр-түрлі символдардан құрылуы мүмкін. Контексті менюді шақырып, «Свойства» командасын таңдап, файлдың жалпы қасиеттерімен танысуға болады.
Бума объектісі
Windows –тың файлдық жүйесінің келесі негізгі объектісі – бума. Windows бумасы, іс жүргізудегі құжат сақтайтын кәдімгі бума қызметін атқарады: ол құжаттарды ретімен сақтайды.
Бумаға, файлға сияқты атау беріледі. Буманың қасиетімен де файлдың қасиетімен сияқты контексті менюді шақырып «Свойства» командасын таңдап, танысуға болады.
Объектілердің белгілері және жарлықтары.
Белгі объектінің графикалық бейнесі болып табылады. Белгімен орындалатын мәселе, іс жүзінде объектімен орындалады.
Windows ортасында негізгі түсініктердің бірі – жарлық. Бұл сол жақ бұрышында қара бағыттамасы бар бейне.
Жарлық – бұл кез-келген бір объектінің сілтемесі, сол объектінің орнын көрсететін екінші бейне. Объект пен оның жарлығы әр түрлі жерде орналасады.
Жарлық өлшемі 1 КБайт файлда сақталынады. Оның жеңіл құрып, жоюға болады. Бұндай әрекет онымен байланысқан файлға ешқандай кедергі жасамайды.
Жарлықпен орындалатын әрекеттер, файлмен орындалатын әрекеттермен іспеттес (аналогичны).
Терезелер – графикалық интерфейстің объектілері.
Қолданушының жаңа графикалық интерфейсінің негігізін, жақсы ұйымдастырылған және ойластырылған терезелер және басқа графикалық объектілер жүйесі ұсынады.
Терезе – құжат, қосымша, мәліметтер бейнеленген, экран мониторындағы көмкерленген тіктөртбұрышты аймақ. Егер қолданушы тереземен жұмыс жасап отырса, ол терезе белсенді болып саналады.
Windows-тың жалпы тұжырымдамасы, жаңа қосымшаны қосқан кезде, бәрін жаңадан меңгермеу үшін, жұмыс тәсілдерін және элементтерін барынша қалыптаудан тұрады. Сондықтан терезелер структурасы барынша бірыңғайлатылған және қолданушы интерфейсі бірқалыпты.
Берілгендермен алмасу.
Жақын уақытқа дейін компьютер әлемінде берілгендер алмасуын, жедел жады және сырт құрылғылар арасында берілгендерді енгізу және шығару процесстері ретінде түсінген. Windows тұжырымдамасының пайда болғанынан бастап, берілгендер алмасуын берілгендердің бір объектілерден келесілерге өтуі ретінде түсіне бастады.
Мұндай объектілер – қосымшалар, бумалар, құжаттар, ал көшірілетін берілгендер – құжат үзінділері, құжаттар, файлдар, бумалар және т.б. болып табылады.
Сонымен, файлды немесе буманы көшіру нәтижесінде, олардың көшірмелері пайда болады, ал қосымшалар арасында берілгендермен алмасу нәтижесінде әртүрлі қосымшаларда қалыптасқан, үзінділерден жиналған құжаттар құрылады.
Windows ортасында берілгендер алмасуы «Алмасу буфері» немесе белгіленген объектіні тышқан көмегімен орнынан жылжыту арқылы орындалады.
Жұмыс үстелінің арнайы бумалары
Менің компьютерім – компьютердің дискілерінің мазмұнын көрсететін және файлмен, бумамен әртүрлі операциялар /программаны іске қосу, көшірме алу, жылжыту, файлдарды жою, және т.б/ орындауға мүмкіндік беретін арнайы папка.
Қоржын – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген, арнайы папка.
Достарыңызбен бөлісу:
Саба?ты? та?ырыбы: Windows операциялы? ж?йесіні? негізгі сипаттамасы. Ж?йе параметрлерін баптау.
Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? Windows операциялы? ж?йесі туралы т?сініктерін ке?ейту.
Білімділік: Windows операциялы? ж?йе ж?мысыны? негізгі принциптерімен о?ушыларды
таныстыру. Оны? программалы? жабды?талуын орнату ережесі мен ретін ?йрету.
Т?рбиелік: о?ушыларды ??ыптылы??а, т?рбиелікке, тияна?тылы??а т?рбиелеу.
Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, логикалы? – абстракциясын дамыту.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
Саба?та ?олданылатын к?рнекі ??ралдар: Компьютер, ЭО, о?улы?, практикум
О?ушы ?йренуі тиіс:
- Операциялы? ж?йені орнату мен конфигурленуі;
- Ж?мыс столын баптауды
- Компьютерде ?олданбалы программалы? ж?йені орнатуды.
О?ушы білуі тиіс:
- Операциялы? ж?йені? не екенін;
- КК ?зін — ?зі ?стау ережелерін;
- Ж?мыс орнын ретке келтіруді;
- Жа?а программалы? жабды?тарды;
- Компьютердегі программалы? жабды?тарды орнату т?ртібін ж?не ережесін.
- Операциялы? ж?йені? баптау принциптерін
Саба?ты? барысы:
- О?ушыларды ?йымдастыру
- ?йге берілген тапсырманы тексеру
- Жа?а саба?ты таныстыру
- О?ушыларды ба?алау
- Саба?ты бекіту.
- ?йге тапсырма беру.
- ?йымдастырылуы: амандасу, о?ушыларды тексеру, журналды толтыру. О?ушылар?а саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын таныстыру.
- ?й тапсырмасын тексеру. С?ра?- жауап т?рінде
- Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Практикалы? тапсырмалар:
- тапсырма: осы ж?йедегі «проводник» программасыны? файлды? ??рылымымен ж?мыс
- тапсырма: «Проводник» программасыны? іске ?осылу ?дістерін зертте?дер
- тапсырма: Тыш?ан ?асиеттерін баптау
- тапсырма: Пернета?таны? орналасы мен ж?мыс режимін баптау
- тапсырма: К?н мен са?ат уа?ытын баптау
- тапсырма: Аума?ты? стандартты баптау
- тапсырма: «себет» ?асиетін баптау
- тапсырма: «Экран» ?асиетін баптау
- тапсырма: ?аріптерді енгізу мен ?шіру
Саба?ты бекіту. О?ушылар?а б?гінгі та?ырып бойынша с?ра?тар ?ойып, жауап алу ар?ылы бекіту.
?йге тапсырма: «Компьютерлік вирус» та?ырыбы бойынша 3-4 хабарлама дайындау:
- Компьютерлік вирус дегеніміз не?
- Вирустарды жіктеу.
- Вируспен к?ресу ?дістеру.
Пән Информатика сынып
7 «А»
Тақырып: Windows
операциялық жүйесінің жұмыс үстелі. Терезе, оның элементтері мен құрылымы
Мақсат: Оқушыларды
Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелімен таныстыру
және оны қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың
Windows операциялық жүйесі туралы білімдерін
қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың
компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың
пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі
– иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар
компьютер
Сабақ
барысы
1)Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2)Үй тапсырмасын тексеру
ОЖ деген не?
Стандартты программалар түрлері?
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы
интерфейсінің негізгі элементтері келесі объектілер болып саналады:
Жұмыс үстелі, терезе, таңбашалар, жарлықтар, батырмалар, меню, қапшықтар,
қосымша бағдарламалар мен құжаттар. Сондай-ақ интерфейс объектілеріне компьютердің
кез келген аппараттық пен бағдарламалық ресурстары жатады. Компьютер де
тұтасымен объектіге саналады.
Жұмыс үстелі
Windows операциялық жүйесінде дисплейдің
барлық экраны ақпаратты өңдеуге қажетті жағдай жасалған, «жұмыс үстелінің беті»
іспеттес, жұмыс істеуге арналған кейбір құжаттар мен әр түрлі құралдар
«орналастырылатын» маманның жұмыс орнының моделі ретінде қарастырылады.
Пайдаланушы интерфейсінің барлық басқа
элементтері солай немесе басқаша Жұмыс үстеліне байланады. Оған терезе,
құжаттардың таңбашалары, бағдарламалар мен құрылғылар, сонымен қатар қандайда
бір таңдашалардың тобы бар әр түрлі тақталар орналасады. Жұмыс үстелінің
төменгі бөлігінде Бас меню – «Пуск – Іске қосу» батырмасынан, жылдам іске қосу
тақтасынан, тапсырмалар тақтасынан, көрсету тақтасынан тұратын жол орналасқан.
Жұмыс үстелінде келесі объектілер орналасқан
(1-сурет):
1-сурет
Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттары
бар
Internet Explorer – Интернет беттерін қарап
шығуға арналған бағдарлама бар
Менің компьютерім – дискілер мен мәліметтерді
сақтайтын қосымша құрылғылардың тізімін бейнелейді
Желілік қоршам – желіге қосылған
компьютерлердің тізімін бейнелейді
Қоржын – аласталған объектілердің тізімі бар
Жаңа қүрылғыларды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа программаларды
компьютерге орналастырғанда, қаріптерді алып тастау не енгізу кездерінде, «Жүмыс столын» көркейту істерін
атқарғанда, сандарды, даталар мен уақытты бейнелеу түрлерін өзгерту барысында «Басқару тактасы» деп аталатын жүйелік бумада
орналасқан қүралдар пайдаланылады. Бүл буманы іске қосу «Менің компьютерім» атты жүйелік топтағы Басқару тақтасы белгісін таңдап, тышқанды
екі рет шерту арқылы немесе басты менюдің Баптау => Басқару тақтасы командаларын таңдау жолымен
атқарылады.
Басқару
тақтасы терезесінде
орналасқан программалық элементтерді пайдалана отырып «Жүмыс столын» (Desktop
themes) көркейтуге,
тышқан қолтетігін, пернелік тақтаны баптауға (өзіңізге ыңғайлы күйге келтіруге)
және т. б. жүмыстарды атқаруға болады
Сергіту жаттығулары (2 мин)
4) Жаңа
тақырыпты бекіту
Жұмыс үстелі деген не?
Тапсырмалар тақтасының қызметі қандай?
«Бастау» батырмасының қызметі?
Компьютерді қосу/өшіру орындау.
5)Сабақты қорытындылау және бағалау.
Оқушыларға Windows ОЖ-нің жұмыс үстелі туралы
мағлұмат беру.
6) Үйге
тапсырма § 3.1,
53-68 бет.
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім:
Windows туралы жалпы мағлұмат.
II.Негізгі бөлім:
Windows жүйесінің негізгі функцялары;
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары;
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері;
Windows -ті іске қосу;
Windows -тің анықтамалық жүйесі;
Windows жүйесінің стандартты программалары.
III.Қорытынды бөлім
Windows операциялық жүйесі.
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.Осыдан барып,адам мен компьютер арасындағы байланысты жеңілдету үшін әттүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандардың бірі- Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ,тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті,яғни қажет информацияны жылдам әрі тез тауып,оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
DEC фирмасы компьютерлердің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды. Бұлар үлкен.орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеді.UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі,яғни бірнеше программаларды паралель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS(PC)-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фпрмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиялы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.Windows95 жүйесінің,Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгешеге түрге енді,бірақ идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows95-ке қарағанда біршама жеңіл.
Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе — Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады. Информация көп болса терезеге сыймай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
• толық экранды терезе,яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады.
• Белгіше (пиктограмма) түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.
Жұмыс столы-қазіргі барлық операциялық жүйелер(Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS,SUN компьютерлеріндегі OS,т.б) интерфейсінің элементі болып табылады.
Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады.
Белгіше(Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файылды т.б бейнелеп тұруй мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді. Ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынандай белгішелер кездеседі:
• қосымша қолданбалы программалар белгішесі;
• белгілі бір топтар белгішесі;
• функциялар белгішесі.
Жарлық(shortcut)- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы,жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері (файлдар,каталогтар және т.б)өз орындарында еш өзгерусіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы,егер жұмыс столында файлдың(каталогтың) өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны арнан өшірсе онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдар ешбір қалаусыз қалады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98 ) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылды. Мұның мағынасы мынада:каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданатын контейнер болып табылады. Бума -каталог, дирокторий ұғымының баламасы.Каталог – файлдарға арналған контейнер,программалық топ -жеке программаларға арналған контейнер,т.с.с
«Тышқан» Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады. Бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы,кейде оң жақтағы батырмасы пайдаланылды.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция-экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады.
Келесі операция -шерту(Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін орындалады.
Күрделі операция тышқанның сол жақ батырмасын. Жылдам екі рет шерту.(Double-click) Келесі операция -тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелермен шертпелердің орнын ауыстырады,яғни басқа орынға тпсымалдайды,терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады.
Мәлімет алмастыру буфері
Өзінің жұмысістеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар мәліметтер алмасуға арналған комьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipboard) ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жады) әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері
Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.
MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.
Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай әрекеттерден тұрады.
• Фрагментті көшіру, тасымалдау, жою,олардың қаріптерін,мөлшерін өзгерту,жиектеу,кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау.т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады:ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек(яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау),сонан соң нақты команданы орындау(программаны жою немесе қаріпті өзгерту)
«Drag-&-Drop» принципі(тасымалдау және барған орнында қалдыру)
Бұл әдіспен өңделіп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені(пиктограмманы),терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшірмесін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып,жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан кезде сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі.
Windows жүйесіндегі Drag-&-Drop әдісімен келесі программаларды орындау жиі жүргізіледі:
• Үлкейтілген терезелермен белгішелердің орнын ауыстыру.
• Графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ,сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау.
• Дайын белгішелер (пиктограммалар) жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал -саймандар тақтасын ұйымдастыру.
Қазіргі жүйелерде Drag-&-Drop әдісін программалаушылар жиі қолданады.
«WYSIWYG» принципі(не көрсеңіз соны аласыз).
Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесі,басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады.
OLE технологиясы-обьектілерді байланыстыра отырып кірістіру(Object Linking and Embedding-OLE). Бұл программаларды кірістірудегі ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген обьектіні басқа программалардың құжаттары арасына енгізіп, оны негізгі бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді.
DDE технологиясы-обьектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Обьектілерді басқа құжатқа не программалық қолданбаға енгізе отырып,негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі,мұнда обьектіні обьектіні бастапқы программада түзетсек,ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.
Windows-ті іске қосу
Windows 98 операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды.Windows 3.x жүйесі MS DOS үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп,енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады. С:> win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны,мұндайда мамандар көмегі қажет болады.
Windows жүктелген кейін экранға жұмыс столы шығуы тиіс, Windows 3.x жүйесінде Программа диспетчері шығады да. Windows 98 -те жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады.
MS(PC)DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-оңай орындалады,оның ток келетін қосқышын ажыратса болғаны.
Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса жатса да,бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.
Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:
• жұмыс істеп тұрған программаларды жабу(аяқтау);
• Windows-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау;
Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланатын файылдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзімен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.
Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:
Windows 3.x жүйесінде
1.Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына алып барып,оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп,оның операцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен «Жабу» командасын таңдау қажет.
2.”ОК»
басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.
Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп ұрады,бұл оның үнсіз келісімі бойынша таңдалып тұрғанының белгісі.Енді Enter пернесін бассақ,компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.
Windows 98 жүйесінде.
1.Тышқан курсорын Іске қосу (Пуск немесе Start) батырмасына алып барып,оны бір шерту керек те,меню командаларының ішінен “Windows-бен жұмысты аяқтау”(Завершение работы с Windows)командасын таңдау қажет.Мұнан кейін “Windows-бен жұмысты аяқтау” атты сұхбат терезесі шығады. Бұл терезені Alt+F4 пернелері арқылы да шығаруға болады.
2.Экранда сұхбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы « Компьютерді өшіру»(« Выключить компьютер») жолын таңдап алып, « Иә »( Да ) батырмасын басу керек.
Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін -тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны.
3. Windows жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып,соңынан компьютерді сөндіру қажет.
Windows- тің анықтамалық жүйесі.
Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.
Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады: Windows3.x жүййесі үшін — Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка ) пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;
Windows98 жүйесі үшін – Іске қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.
Windows жүйесінің өзінде және оның қосымшаларының бірсыпырасында анықтаманы сұхбат терезесі арқылы алу мүмкіндігі бар. Кез келген сұхбат терезесінде Көмек батырмасы бар. Оны таңдап алсақ экранға анықтамалық жүйе шығып, Анықтама терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.
Файлдармен жұмыс істеу
Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді. Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.
Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.
Файлдарды ашу және сақтау терезелері
Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.
Windows жүйесінің стандартты программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;
графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
математикалық есептеулеррді орындау және т.б.
Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.
Қорытынды
Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Windows -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.
Жаңа информациялық технология, Информатика. Алматы 2004.
2. Н. Ермеков , Н. Стифутина .
Информатика. Алматы« Атамұра » 2007